Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ауқымды шара өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасы ғылым, теxника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, теxника ғылымдарының докторы Шаяxмет Молдабековтың 80 жасқа толуыны орай ұйымдастырылған.
Келелі кездесуге Түркістан облысы және Шымкент қалалық мәслихатының хатшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының ректорлары мен достары қатысты. Сексеннің сеңгіріне жетіп, абыз атанған ұлы тұлғаны құттықтап келген қонақтардың қатарында Түркістан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлының ыстық лебізін ала келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаевта бар. Алғаш болып сөз алған Мәлік Отарбаев ең алдымен облыс басшысының жүрек жарды тілектерін жеткізді. Шаяхмет Молдабековты мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, өзінің де ізгі тілегін арнады. Кең ауқымда ұйымдастырылған шарада көпшіліктің қарасы көп. Залда ине шаншыр жер жоқ. Профессор Шаяхмет Молдабековтың құттықтаудан бөлек, жастарға үлгі болар өнегелі өмірімен еселі еңбектері жайында керемет әңгімелер өрбіді. Өзі де естеліктерімен бөліскен мереке иесі жиналған қауымға ризашылығын жеткізіп, жастарды үздіксіз білім алып, аянбай еңбек етуге шақырды. Жастарға берер тағылымы мен тәлімі мол басқосудың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған университет ректоры Дария Қожамжарова. Өзінің ұжымын жұмылдыра отырып шараның өтуіне білек сыбана ат салысты. Бүгінде білдей университетті тізгінінде ұстап отырған білікті басшы Дария Қожамжарованың бұдан өзге де тындырымды тірліктері аз емес.
Тоғжан Нарбай.