Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде келелі кездесу өтті
    Бас ақпарат

    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде келелі кездесу өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.01.2019556 Views

    Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ауқымды шара өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасы ғылым, теxника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, теxника ғылымдарының докторы Шаяxмет Молдабековтың 80 жасқа толуыны орай ұйымдастырылған. 

    Келелі кездесуге Түркістан облысы және Шымкент қалалық мәслихатының хатшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының ректорлары мен достары қатысты. Сексеннің сеңгіріне жетіп, абыз атанған ұлы тұлғаны құттықтап келген қонақтардың қатарында Түркістан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлының ыстық лебізін ала келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаевта бар. Алғаш болып сөз алған Мәлік Отарбаев ең алдымен облыс басшысының жүрек жарды тілектерін жеткізді. Шаяхмет Молдабековты мерейлі мерекесімен құттықтай отырып,  өзінің де ізгі тілегін арнады.  Кең ауқымда ұйымдастырылған шарада көпшіліктің қарасы көп. Залда ине шаншыр жер жоқ. Профессор Шаяхмет Молдабековтың құттықтаудан бөлек, жастарға үлгі болар өнегелі өмірімен еселі еңбектері жайында керемет әңгімелер өрбіді. Өзі де естеліктерімен бөліскен мереке иесі жиналған қауымға ризашылығын жеткізіп, жастарды үздіксіз білім алып, аянбай еңбек етуге шақырды. Жастарға берер тағылымы мен тәлімі мол басқосудың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған университет ректоры Дария Қожамжарова. Өзінің ұжымын жұмылдыра отырып шараның өтуіне білек сыбана ат салысты. Бүгінде білдей университетті тізгінінде ұстап отырған білікті басшы Дария Қожамжарованың бұдан өзге де тындырымды тірліктері аз емес.

    Тоғжан Нарбай.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.