Жолаушылар «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына билеттерді 55%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұлттық тасымалдаушысының өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Акция 11-ші қаңтардан 28-ші ақпанға дейінгі аралықта жүретін пойыздарға қатысты болады. жеңілдіктер мөлшері билет аттануға дейін қанша тәулік бұрын сатып алынатынына байланысты болады.
Қарағандыдан «Тұлпар-Тальго» пойызымен Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Көкшетау және Қызылордаға аттануға болады. Мысалы, тоғызыншы қаңтарға Алматыға дейін купе билеті аттанар алдында бір тәулік бұрын сатып алынса 13 031 теңге болса, дәл осы билет аттанар алдында 45 тәулік бұрын алынса 6 284 теңгені құрайтын болады.
Жеңілдетілген билеттерді теміржол кассаларынан, сондай-ақ www.epay.railways.kz сайтынан сатып алуға болады. Онлайн-нұсқада билеттер пойыздың аттануынан 45 тәулік бұрын қолжетімді болады. Онда бағалар жеңілдіктерді ескере келе көрсетіледі.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...