21 мамыр күні Шымкент қаласы 11 мөлтек ауданы Ш.Уәлиxанов көшесі бойындағы «Исатай» азық-түлік базары өртке оранған болатын. Жедел жеткен ақпаратқа сай түнгі 01:55 сағатта апат орынын оқшаулаған өрт сөндіру қызметкерлері сағат 02:23 те тілсіз жауды түгелдей ауыздықтады. Өрт сөндіру жұмысына жалпы 115 жеке құрам, 23 өрт сөндіру теxникасы мен 87 әскери құрам жұмылдырылды.Өрт болған орынға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов, облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев барып, базар қожайындары, ондағы сатушылармен кездесті. Әрі өртке оранған нысанды қайта қалпына келтіруге келісті. Қазіргі таңда өрттің неден шыққандығы анықталуда. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі