2016 жылдың 19 мамыр күні, сағат 12:50 шамасында Шымкент қаласы Фабричная көшесінде 1997 жылғы жергілікті тұрғын «Ауди-100» маркалы автокөлігін жоғары жылдамдықта басқарып келе жатып, автокөлік рөлін игере алмай, аялдама жанында тұрғын жаяу жүргіншілер бағытында жол-көлік оқиғасын жасаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ауыр дене жарақатын алған 4 жастағы бала оқиға орнында қаза болған. Тағы 7 жәбірленуші, 1984 ж.т. екі әйел және 2007, 2009 және 2010 ж.т. 5 жасөспіріді әртүрлі дене жарақатымен ауруғана жеткізілген. Оның екеуі ауыр халде жан сақтау бөлімінде. Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі УҰИ қамауда.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші автокөліктің кілтін әкесінен алғанын, өзінің жүргізуші куәлігін 2015 жылдың желтоқсан айында Шымкент қалалық мамандандырылған соттың шешімімен жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жүргізу құқығынан айрылғаны туралы анықтады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда.
ОҚО ІІД Баспасөз қызметі