Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Белгісіз кеткен бір солдат...»Чехияда қазақстандық әскери тұтқындардың жерленген орындары табылды
    Белгісіз кеткен бір солдат...

    Чехияда қазақстандық әскери тұтқындардың жерленген орындары табылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жақында Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов осы елдің Оломоуц аймағындағы Йесенице өңіріне (Горны Липове, Домашов, Рудохоржи елді мекендері) барып, жергілікті өкімет пен қоғамдық ұйымдар өкілдері және ерікті-іздеушілермен бірге, кеңес әскери тұтқындарының, оның ішінде Қазақстаннан тартылған әскери жауынгерлердің зиратына гүл шоқтарын қойды.

     Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Йесенице өңірінде Кеңес Одағы республикаларынан, Ұлыбритания, Франция және Поль­шадан 6 мыңға жуық әскери тұтқын жұмыс істесе, ол жерлер­де немістің 60-қа жуық еңбек ла­герьлері орналасқан екен. Ресей және Чехияның қо­ғамдық ұйымдарымен, ерікті іздеушілермен сол лагерьлерде қаза болған 1300-ге жу­­ық әскери тұтқынның, оның ішінде 16 қазақстандық жауынгердің аты-жөндері мен өмірбаяндық мә­ліметтері жи­нақталды (ақпарат www.obd-memorial.ru парақшасында орналасқан). Йесенице өңірінің жергілікті өкіметімен және ерікті-іздеушілермен сол маң­­да жерленген басқа да отан­­­­дас­тарымызды із­дестіру және сәйкестендіру бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыру жө­нін­де уағдаластықтарға қол жеткізілді.

    Қазақстанның Прагадағы ел­шілігі қаза болған отандастарымыздың туған-туыс­­­­қан­дарына өздерінің әке-аталарының жерленген жерлерін іздеп анықтау үшін Чехияның жер­гілікті өкіметімен байланыстар орнатуына қолғабыс көрсетуге дайын екендігін білдіріп отыр.

    Бұл мәселе бойынша Қазақ­стан­ның Чехиядағы елшілігінің бірінші хатшысы Дамир Уажановқа хабарласуға болады. Оның жұмыс телефоны: +420 233 310 671, ұялы телефоны: +420 739 341 414, эл. пош­тасы: d.uazhanov@mfa.kz.

    Қазақстан азаматтары үшін елшілік Чехия жерінде жатқан отан­дастарымыздың аты-жөндерін жариялап отыр:

    Жұмағазы Алтыбаев, 1921 ж.т., Алматы облысы («13 март» ауы­лы); Молдынамов, 1904 ж.т., Кирилловка ауылы; Алвип (Алби, Алиби) Тайла, 1899 ж.т., Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Ауырпа ауылы; Смаил Бейминов, 1906 ж.т., Ақтөбе облысы (Ырғыз ауы­лы); Таш (Тажи, Тас) Утюгулов, 1900 (1903) ж.т., Ақтөбе облысы (Шұбарқұдық ауылы); Сантай Істілеев (Истелеев), 1915 ж.т., Қызылорда облысы (Октябрь ауы­лы); Байекі (Bajeki) Көселбаев (Касельбаев), 1912 ж.т., Қызылорда облысы (Қазалы қ.); Наркаш Күл­жұманов (Күлшуманов), 1904 ж.т., Жангелді ауданы (Бірлік ауылы); Шаяхмет (Шейахмед) Сүлеменов (Сүлейменов), 1921 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы (Зайсан ауылы); Белгібай Сүлейменов, 1903 ж.т., Шығыс Қа­зақстан облысы, Тарбағатай ауданы (Зайсан ауылы); Жұмағұл Исмурзин, 20 шілде 1897 ж.т., Қостанай облысы, Семиозер ауданы (Жаркөл ауылы); Муфтуәли Досмұхамбетов, 1891 ж.т., Саратов облысы, Бала­ково ауданы (Наталин ауылы); Сағи Алманов, 1898 ж.т., Сталинград облысы (Харабали селосы, Комсомольская көшесі, 3. Сырдалы Арсалиев, 1903 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы (Күртарал ауылы); Қалмырза Амалбеков, 1906 ж.т., Оңтүстік Қазақ­стан облысы, Киров ауданы (Интернационал ауылы); Айси Досмырза, 1913 ж.т., Қазақ ССР, Рузаев ауданы (Ақшынақ ауылы).

     Ақпарат көзі: «Егемен Қазақстан» газеті

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.