Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Шымкентке келді
    Денсаулық

    БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Шымкентке келді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бала туу көрсеткіші жоғары Оңтүстік өңірінің медицинасы жыл өткен сайын заманауи талаптарға сәйкес өз жұмысын жандандыруда. Мәселен, шетелдік мамандармен тығыз қарым-қатынас жүргізетін отандық дәрігерлердің біліктілігі де өз елімізде күрделі оталарды жасауға мүмкіндік алып отыр. Өңірімізге арнайы сапармен келген, ЮНИСЕФ, яғни БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Облыстағы №4 перинаталдық орталығы мен клиникалық балалар ауруханасында болды. Қазақстан бойынша ана мен бала денсаулығына көрсетіліп жатқан қызметтің негізгі қарқынын жеке өзі бақылауды мақсат тұтқан БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Юрий Оксалидный бұған дейін де бірнеше облыстарды аралаған. Ал, Оңтүстіктің медицина қызметкерлерінің жұмысымен алғаш танысуы. Перинаталдық орталықтың базалық құрылымы барлық деңгейдегі аяғы ауыр әйелдерді қабылдай алатындығы белгілі. Жыл басынан бері 2410 сәби дүниеге келсе, өзге перзент ханаларға қарағанда дәрігерлердің жүктемесі де ауыр. Мәселен, күні кеше, 30 жүкті әйелді босандырып, бір мезгілде 14 ота үстелінде нәрестелерді дүниеге алып келген. Қарқынды терапия бөлімінің негізгі қызметі де шала туылған сәбилерді өмірге бейімдеу. Барлық қызмет тек, ана мен бала саулығы үшін.  Орталық дәрігерлері Литва клиникаларымен тығыз жұмыс жасайды. Өйткені, еуропалық стандартқа сай қызмет көрсететін мамандар шоғыры осында орналасқан. Нәтижесінде, босану кезеңіндегі қиын жағдайларда ана мен баланы аман алып алу мүмкіндігі артқан. Сол себепті де Жыл басынан бері №4 перинаталдық орталықта өлім статистикасы тіркелмепті.

    Sequence 01.00_11_51_21.Still006Ал, клиникалық балалар ауруханасының да атап айтар жетістіктері бар. Халықаралық технологиялар тренинг орталығы Оңтүстік дәрігерлеріне ғана емес, көрші облыстардың да мамандарын оқытып, соңғы технологияның қажеттіліктерін түсіндіреді. Бұл, әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданысқа енгізіліп жатқан жаңалықтардың ретімен танысуға  мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану, күтім жасау, әсіресе сәбидің дамуына кедергі келтірмеуі тиіс. ЮНИСЕФ, яғни БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі өңір медицинасының қарқынды дамып келе жатқандығына осылайша көз жеткізді. Алдағы уақытта, еліміздегі жетекші медицина орталықтарының қатарынан көрінетіндігіне сенімді.

    Салтанат Тойболова

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.