Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 21 қараша, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 21 қараша, 2018 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.11.2018361 Views

    — Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.

    — Шетелден мемлекетімізге арнайы келген қандас бауырларымызға Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. «Отандастар» Қоры Қоғамдық даму министрлігі мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы біріге отырып, «Туған жерге тағзым» атты жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Алғашқы экскурсия  түркі әлемінің рухани астанасы  — Түркістан өңірінің киелі жерлеріне зиярат етуден бастау алды. Арыстан баб пен киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған қандастар өз тебіреністерін жасыра алмады

    — Тіліміз бен ділімізге деген құрметпен, туған жердің ауасымен тыныстап,  тарихи орындарды аралаған қандастар дөңгелек үстелде жиналды. Айтулы жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» тақырыбында өтті. Атажұртқа бүл күні арнайы келген делегаттар көкейдегі сұрақтарына жауап алды, ыстық ықыластарымен бөлісті.

    — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филиалдары еліміздің барлық қалаларында  ашылатын болады. Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орны саналатын университет мұндай жаңалығын 75 жылдық мерей тойы қарсаңында жүзеге асырмақ.  Осы ретте, айтулы күнге қызу дайындық жүргізіп жатқан университет ректоры баспасөз жиынын өткізіп, алдағы басқа да  жоспарларымен бөлісті.

    — «Нұр отан» партиясының құрылғанына биыл — 20 жыл.  Атаулы дата аясында, еліміздің барлық аймақтарында көшбасшы партия өкілдері кезекті рет  халықпен арнайы кездесулер өткізіп, талап тілектерін орындауда. Ал, бүгін «Азаматтармен 20 көшпелі қабылдау» акциясы  аясында Шымкент қалалық «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шапырашты ауылының ақсақалдарымен жүздесті.

    — «Біз салауатты өмір салты үшін». Осы ұран мен  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары акция ұйымдастырды.  «Shymkent plaza» сауда орталығында өткен шараның негізгі мақсаты тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

    — Жақында халықаралық студенттер күні атап өтілген болатын. Айтулы күнді Бәйдібек ауданының жастары да өз деңгейінде қарсы алды. 6 маман даярлайтын №19 колледж студенттерінің мерекелік кешін өткізуге аудандық жастар ресурстық ортылығы да өз үлесін қосқан. Кеште белсенді жастар марапатқа ие болып, ән мен биден концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

    — «Рухани жаңғыру: сапалы білім саналы ұрпақ». Осы тақырып аясында Шымкент қалалық №54 жалпы орта мектебінде бүгін кең көлемдегі семинар болып өтті. Мақсаты, Бастауыш сыныптағы білім беру мазмұнының жаңарту бағдарламасындағы  бір қатар әдіс тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру. Жалпы, бұл білім ошағында,  1800 ге тарта бала 2 маусымда білім алады, ғимаратыда  су жаңа.Сондықтан болар, 54 -ші мектептің  шәкіртері оқуда озат, атаулы семинарларда белсенділік танытады.

    — Шымкент қаласының жол патрулдік полицейлері жүгенсіз  теміртұлпар тізгіндегендерді ретке келтіруге кірісті. Қала әкімдігінің бастамасымен өткуен рейдтік шара Мұхамед Хайдар Дулати көшесінен бастау алды. Бұл тұста күннің суығында аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ тосқан тұрғындар өз наразылықтарын да білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.