— Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.
— Шетелден мемлекетімізге арнайы келген қандас бауырларымызға Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. «Отандастар» Қоры Қоғамдық даму министрлігі мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы біріге отырып, «Туған жерге тағзым» атты жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Алғашқы экскурсия түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан өңірінің киелі жерлеріне зиярат етуден бастау алды. Арыстан баб пен киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған қандастар өз тебіреністерін жасыра алмады
— Тіліміз бен ділімізге деген құрметпен, туған жердің ауасымен тыныстап, тарихи орындарды аралаған қандастар дөңгелек үстелде жиналды. Айтулы жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» тақырыбында өтті. Атажұртқа бүл күні арнайы келген делегаттар көкейдегі сұрақтарына жауап алды, ыстық ықыластарымен бөлісті.
— Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филиалдары еліміздің барлық қалаларында ашылатын болады. Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орны саналатын университет мұндай жаңалығын 75 жылдық мерей тойы қарсаңында жүзеге асырмақ. Осы ретте, айтулы күнге қызу дайындық жүргізіп жатқан университет ректоры баспасөз жиынын өткізіп, алдағы басқа да жоспарларымен бөлісті.
— «Нұр отан» партиясының құрылғанына биыл — 20 жыл. Атаулы дата аясында, еліміздің барлық аймақтарында көшбасшы партия өкілдері кезекті рет халықпен арнайы кездесулер өткізіп, талап тілектерін орындауда. Ал, бүгін «Азаматтармен 20 көшпелі қабылдау» акциясы аясында Шымкент қалалық «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шапырашты ауылының ақсақалдарымен жүздесті.
— «Біз салауатты өмір салты үшін». Осы ұран мен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары акция ұйымдастырды. «Shymkent plaza» сауда орталығында өткен шараның негізгі мақсаты тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
— Жақында халықаралық студенттер күні атап өтілген болатын. Айтулы күнді Бәйдібек ауданының жастары да өз деңгейінде қарсы алды. 6 маман даярлайтын №19 колледж студенттерінің мерекелік кешін өткізуге аудандық жастар ресурстық ортылығы да өз үлесін қосқан. Кеште белсенді жастар марапатқа ие болып, ән мен биден концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
— «Рухани жаңғыру: сапалы білім саналы ұрпақ». Осы тақырып аясында Шымкент қалалық №54 жалпы орта мектебінде бүгін кең көлемдегі семинар болып өтті. Мақсаты, Бастауыш сыныптағы білім беру мазмұнының жаңарту бағдарламасындағы бір қатар әдіс тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру. Жалпы, бұл білім ошағында, 1800 ге тарта бала 2 маусымда білім алады, ғимаратыда су жаңа.Сондықтан болар, 54 -ші мектептің шәкіртері оқуда озат, атаулы семинарларда белсенділік танытады.
— Шымкент қаласының жол патрулдік полицейлері жүгенсіз теміртұлпар тізгіндегендерді ретке келтіруге кірісті. Қала әкімдігінің бастамасымен өткуен рейдтік шара Мұхамед Хайдар Дулати көшесінен бастау алды. Бұл тұста күннің суығында аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ тосқан тұрғындар өз наразылықтарын да білдірді.