Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы пысықталды
    Жаңалықтар

    Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы пысықталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2016Updated:19.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл күні төтенше жағдайлардың қызметін пысықтау барысында ауданның жеке құрамдағы 100-ден аса қызметкері мен 45 техникасы жұмылдырылды. Әрқайсысының апатты жағдайда атқаратын өзіндік маңызды рөлі бар. Атап айтсақ, ауданның жылжымалы басқару пункті, байланыс құралдары, медициналық жабдықтар, өрт сөндіру бөлімі секілді ұзын саны 14 қызметтің түрі апат бола қалған жағдайға сақадай сай әзір тұр.Олардың жұмысымен жекелей танысып шыққан мекеме басшылары тіпті төтеннен сұрақ қойып, мамандардың біліктілігін де сынап көрді. Жоспарға сәйкес, таңғы уақытта ауданда «жер сілкіну» дабылы қағылды. Табиғи апат туындаған сәтте ғимараттағы адамдардың сауатты қимылдауы аса маңызды. Сондықтан апатты жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекетін бақылау ең алдымен аудан әкімдігінен басталды. Ережеге сай қимылдаған ғимараттағы азаматтар үрейге бой алдырмастан өз ретімен қауіпсіз жерге көшірілді. Келесі кезекте аудандағы білім ұяларының іс-әрекеті тексерілді. 1500-ге жуық оқушысы бар орта мектептің ұжымы да сауатты қимылдай білді.

    Дабыл қағылысымен ғимарат ішіндегілер алдымен қауіпсіз жерге жасырынып, белгі берілген соң алаңға шығарылды. Оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген мамандар балабақшаны да назардан тыс қалдармады. Ереже бойынша әрекет еткен тәрбиешілер бүлдіршіндермен бірге тез арада ғимараттан шығарылды. Апатты жағдайдағы іс-әрекет жөнінде балабақша балғындарының да сауаты көңілге қонымды шықты. Сондай-ақ, өрт сөндіру қызметінің жедел іс-қимыл әрекеті де бақыланды. Тілсіз жаудың туындағаны жайлы хабарламаны алысымен жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кірісті.Арнайы техниканың көмегімен мамандар ғимарат ішінде қалып қойған азаматтарды құтқаруға жұмылды. Заманауи техниканың қауқары да осы сәтте сыналады. Мәселен, өрт сөндіру көлігіндегі мына саты жаттығу барысында 6-қабаттағы азаматты алып шығуға бірден бір көмегін тигізді. Қауіпсіз аймаққа жеткізілген жандар дер кезінде дәрігерлердің бақылауына алынды. Сарыағаш ауданында жүргізілген практикалық іс-шара алдағы уақытта өзге аудандарда да өткізілетін болады.

    Абдумутали Жұмаш

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.