Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 13 қараша, 2018 жыл
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 13 қараша, 2018 жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.11.2018294 Views

    «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда Түркістан облысының және Шымкент қаласының коммуналдық сала қызметкерлері тұрғындармен кездесті. Жиында мәлім болғандай тұрғындардың көкейіндегі сауалдардың басым бөлігі – газбен жабдықтау қызметіне қатысты.

    Қысқы жылыту маусымы кезеңінде тұрғындардың иісті газдан улану оқиғалары жиі кездесіп жатады. Сондықтан осы бір қауіптің алдын алу мақсатында Абай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазығұрт» мөлтек ауданында  жекелеген тұрғын үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп арнайы парақшалар таратылды. Абай ауданы әкімдігі мен «Қаз Транс Газ Аймақ» мекемесінің мамандарымен бірлесе атқарылған шара барысында тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу барысы да жан-жақты түсіндірілді.

    Шымкентте соңғы 10 айда 19236 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты.  Ал, жастар практикасына жолданғандардың саны 2250 ді құраған.  Нақты деректерді мәлімдеп, және әлеуметтік жұмыстарды кеңінен түсіндіру  үшін,  бүгін қаламызға ҚР –ы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен арнайы насихат топ мүшелері келіп, семинар өткізді.

    13 қараша — халықаралық   зағиптар күні. Осыған орай Облыстық зағиптар және көзі әлсіз  көретіндерге арналған кітапханада   «Мейірімменен үміттерді жалғайық»  атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында кітапхананың жас оқырмандары өз өнерлерін ортаға салып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    17 қараша студенттердің төл мерекесі. Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресуртық орталығы» білімпаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Осыған орай Түркістан қаласында баспасөз-конференциясы өтті. Ұйымдастырушылыр өткізілетін шаралардың бағдарламасын және талаптарын таныстырып берді.

    Түркістан облысында жат ағымның жетегінде кеткен азаматтардың саны  2000 ға жетіп отыр. Келеңсіздіктің алдын алу мақсатында  «Діни экстремизм, тероризм бебітшілікпен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты семинар ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы орталық мешітте бас қосқан дін қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

    Білім саласына бағытталып жатқан қолдау көп. Осының айғағы болар,тәуелсіздік жолындағы  бүгінгі мектептер заман талабына сай жабдықталып, оқушылар өркениет үдесінен шығуда. Елдің болашағын көркейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ошақтары  Бәйдібек ауданында да жетерлік.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.