Құрметті оқырман «Айғақ» республикалық газетінің жаңа саны жарық көрді.
Басылым беттерінде:
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президент Жолдауы елімізге жаңа серпін берді.
Парламент Сенатының қатары екі депутатпен толықты.
Сарыағаш ауданында томографиялық орталық ашылып, балабақша пайдалануға берілді.
Түркістанға келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу көзделуде.
Мегаполис басшысы нақты іске көшті.
Шымкентте тың жоба қолға алынды.
Жаңадан ашылатын индустриалдық аймаққа инвесторлар тартылуда.
Президент Жолдауы — халықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа бір белес.
Білім саласында — жемқорлықты жоятын жаңа жобалар.
«Тоқсан жылдық тарихы бар — Терсікей». Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовпен сұхбат.
«Аймақ тынысы» айдарында: «Нұр жолы» өткізу пункті ашылды. Келер жылы пошта қызметі дрон арқылы іске асатын болады.Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады. Тек қана қар жетіспейді.
Түркістанда ұстаздар мерекесі аталып өтті.
Ғабидолла Әбдірахымов: Шымкент жастары абыройларыңызды асқақтата берсін.
Ынтымақтастық пен іскерлікті ту еткен тұлға.
Шымкент- шежірелі қала.
Газеттің «Заңайна» айдарында: Енді банкте төленген чекті E.gov порталынан тауып, жүргізуші куәлігін алуға болады. Мерзімді депозиттен ақшаны ерте алғандарға айыппұл салынады. 1 миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттары беріледі. Декларацияны жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс. «Судьяның көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды.
«Денсаулық» айдарында: Медициналық қызметтердің тарифі бекітіледі. Қатерсіз ісіктер.
Еліміздегі ауыс-түйсітер және соңғы жаңалықтар басылымның «Айғақ» — ақпарат айдарында.
Өмірден алынған оқиға желісінде «Тапсырыс» әңгімесіне назар аударыңыз.
Толық ақпараттар басылымның Pdf нұсқасында.