Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қызылжарда бюджет қызметкерлерi үшiн «7-20-25» ипотекасының алғашқы жарнасы төмендетiледi
    Бас ақпарат

    Қызылжарда бюджет қызметкерлерi үшiн «7-20-25» ипотекасының алғашқы жарнасы төмендетiледi

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.10.2018218 Views

    Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысының белсендiлерi ҚР Президентiнiң жолдауын талқылады. Жиын барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов стратегиялық құжатты iске асыру бойынша басым бағыттарды айқындады.

    Елдiң басты байлығы — адам. Бұл Елбасының жаңа жолдауының негiзгi идеясы. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңiрде солтүстiкқазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, өмiр сапасын жоғарылату үшiн жоспар айқын.

    Елбасы жаңа жылдан бастап төменгi еңбекақы мөлшерiн 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейiн өсiрудi тапсырды. Солтүстiк Қазақстанда 43 мың адамда еңбекақы өседi. Жеңiлдетiлген салық 200 мың тұрғынға әсерiн тигiзедi. Медициналық қызметкерлердiң де еңбекақысы 20% пайызға ұлғаймақ. Облыста 300 учаскелiк дәрiгер мен 750 медбикенiң еңбекақысы өседi.

    Жалпы, денсаулық сақтау саласында ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру 3 есеге көбейедi. 800 миллионнан 2,8 миллиард теңгеге дейiн. Бұл қаражатқа жоғары технологиялық қондырғылар алынады. Облыс орталығында көп профилдi аурухана салу да көзделген.

    Өз жолдауында Мемлекет басшысы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға да тоқталды. СҚО-да бюджеттiк сала өкiлдерiне ипотека одан сайын қолайлы болмақ. Жергiлiктi бюджеттен алғашқы жарнаның бөлiгiн субсидиялауға 200 миллион теңге бөлiнедi. Қазiр облыста 2011 пәтерге шақталған 16 тұрғын үй салынуда. Биыл 10 баспана берiледi. 2019 жылы 1500 пәтер болатын 12 үй бой көтередi.

    Бiлiм сапасын арттыру да басым бағыттардың бiрi. Петропавлда қазiр 1500 орындық 2 мектеп салынуда. Кешендi жоспар аясында облыс орталығында тағы бiр мектеп салу жоспарланған. 120 бiлiм ошағы жөнделмек. Мектептерде 4 мың компьютер жаңартылады. Елбасы барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етудi тапсырды. Бүгiнде 625 нысанның 174-де камералар орнатылған. Құмар Ақсақалов аудан әкiмдерiне қалған 451 бiлiм ошағын бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшiн қаржы бөлудi тапсырды.

    Биыл 25 мың адам тұратын 38 ауыл таза ауыз суға қол жеткiздi. Келесi жылы қаржы көлемi 9,6 миллиард теңгеге дейiн өседi. Өңiрде орталық су жүйесiне тағы 29 елдi-мекен қосылмақ.

    Елбасы жолдауында туризмдi дамытуға да көңiл бөлiндi. Имантау-Шалқар курорт аймағы Туристификация картасының үздiк 10 жобасына ендi. Аймақты кешендi дамыту үшiн «McKinsey&Company» халықаралық консалтинг компаниясымен бiрiге отыра жоспар дайындалуда. Курортты дамытуға 8 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

    Петропавлда және ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi салынады. Көше спорт кешендерiн, баскетбол, волейбол алаңдарын салу да жалғасады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.