• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ЕМХАНА ТАҢДАУ НАУҚАНЫНА 67 МЕКЕМЕ ҚАТЫСУДА

19.09.2018
0

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық медициналық академиясында емханаға тіркелу науқанының басталғанына қатысты брифинг өтті. Жыл сайын дәстүрлі жүргізілетін емхананы таңдау  кампаниясы  қыркүйектің 15-інде басталып, 15-қарашада аяқталады.41938949_2167858286557505_8055569222186565632_o

«Науқанның мақсаты – азаматтардың  емдеу мекемесін еркін таңдауына  мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл шара жаңадан қосылған медицина ұйымдардың келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасауға байланысты өткізіледі, — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ОҚО бойынша филиал директоры Асхат Бейсенбаев.

42106148_2167852673224733_1109443267201597440_o

Өткен жылы тіркеу науқаны барысында емхана таңдау құқығын пайдаланған тұрғындар саны  небары  25934  құрады. Жалпы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша 3 млн-ға жуық халық бар. Биыл тұрғындардың  тіркеу кампаниясына деген қызығушылығы басым. Олай дейтініміз, халық арасында күнделікті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азаматтар науқаннан бөлек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өздеріне қатысты мәліметтерді біле бастаған.

42044799_2167858109890856_3704451374889566208_o

Отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі принциптерін іске асыру үшін емхананың үйге жақын маңда болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соңғы реформаларды ескерсек мұның маңызы арта түседі. Себебі бұдан былай 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді.  

42059226_2167856913224309_1392935010230599680_o

Оған қоса, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отыр. Ол бойынша 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын-соңды бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін.

41916763_2167856773224323_7127119428776361984_o

-Былтырғы жылдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты.

-Қазіргі таңда Қордың жеткізушілер тізімінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  165  медицина  ұйымы бар. Оның  82-сі  — жеке меншік, — деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары Найля  Дабысқызы.

41983077_2167852683224732_7850826129731485696_o

Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан. Сондай-ақ, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 67  ұйым қатысып жатыр.

42044323_2167856756557658_7240775816890548224_o

Айта кетерлігі, азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал, egov.kz  порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырады. Қызметтің нәтижесі бойынша жауап  өтініш берушінің  Жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.