Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Дәрігерлер қаралған емхана көңіліңізден шықпаса не істеу керектігін айтты
    Денсаулық

    Дәрігерлер қаралған емхана көңіліңізден шықпаса не істеу керектігін айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұдан былай бір практикалық дәрігер 1 700 адамды қарайды. Осы уақытқа дейін олар 2 000 адамға дейін емдейтін

     Қыркүйектің 15-ші жұлдызынан бастап Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады. Аталған науқан тура екі айға созылып, 15 қараша күні аяқталады.

    Науқанның мақсаты — қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл шара нарыққа жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

    «Өткен жылғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық азамат емхана таңдау құқығын пайдаланған болатын. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Сондай-ақ, тіркеу компаниясына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді», — деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

    Мамандар мүмкіндігінше таңдалған емхананың үйге жақын болуы дұрыс екенін атап өтті. Себебі, үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне, жедел жәрдемнің уақытылы жетуіне жағдай жасайды. Мұнымен қатар, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту үшін тіркеле алатын адамдар саны шектелмек. Бұдан былай жалпы практика дәрігеріне ең көп дегенде 1 700 адам ғана тіркеле алады. Ал осы уақытқа дейін бір дәрігер 2 000 адамға дейін қызмет көрсететін.

    «Осы өзгеріс жаңа учаскелердің ашылуына себеп болады деген үміттеміз. Сондай-ақ, осы мәселеге бизнес өкілдері назар аударса нұр үстіне нұр болар еді. Былтырғы жылдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты», — деді МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов.

    Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде 1 365 медициналық ұйым бар. Оның 623-і — жекеменшік иелері. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2019 жылы олардың саны 10%-ке артады деген болжам бар.

    «Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады», — деді МСҚ медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Забира Оразалиева.

    Емханаға тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады. Ал халықты тіркеумен айналысатын емханалар тізімі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысып жатыр.

    sputniknews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.