Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Бас санитарлық дәрігер тұмаумен ауырмау үшін не істеу керек екенін айтты
    Денсаулық

    Бас санитарлық дәрігер тұмаумен ауырмау үшін не істеу керек екенін айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2018Updated:15.09.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Комитет төрағасы ересектерді балалар денсаулығына аса мән бермейді деп сынады

    Тұмауға шалдықпау үшін дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтау керек. Жұмыста бір адам сырқатанып қалса, инфекцияны бүкіл ұжымға таратуы мүмкін. Ал бұл экономикаға кері әсерін тигізеді.

    Бұл жайында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин №9 қалалық емханада өткен брифинг барысында мәлімдеді.

    Жандарбек Бекшин алдымен тұмаудың алдын алуға көмектесетін шаралар туралы айтты.

    «Адамның дені сау болуы үшін дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтаудың маңызы зор. Сондай-ақ, тамақ құрамында дәрумендер көп болуы керек. Жидектерден шырғанақ пен итмұрынды шикідей немесе қайнатып суын ішуге кеңес беремін. Ал жемістерден лимон мен грейфруттың пайдасы мол. Өзіміз халық емі ретінде пайдаланатын пияз бен сарымсақ тұмауды расымен де емдейді», — деді ол.

    Әрі қарай ол жұмыс берушілерге қызметкерлеріне вакцина салдыруға көмектесуді өтінді. Сондай-ақ, мұның қандай жаман салдары болуы мүмкін екенін айтып өтті.

    «Адамдар көп жүретін қоғамдық орындарға бармаған жөн. Әсіресе, есік-терезесі ашылмайтын бөлмелерге кірмеу керек. Ауырып қалған болсаңыз, міндетті түрде бетперде киіңіз. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің тұмаумен ауыруы экономикаға кері әсерін тигізетінін айтқым келеді. Көп адам қатар ауырып қалса, олардың барлығы емделуге мәжбүр болады. Сол себепті әр жұмыс беруші белгілі бір шара қолданып, қызметкерлеріне вакцина салуға көмектессе нұр үстіне нұр болатын еді. Басшылар қол астындағы адамдардың ауырып қалмауына жағдай жасауы тиіс. Бірнеше минуттық пайда кейін кері әсерін беріп, бір қызметкер тұмауды бүкіл ұжымға жұқтыруы ғажап емес», — деді төраға.

    Қазақстанда бүгінде көбінесе инфекциялық ауруларға 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады.

    Бекшиннің айтуынша, ересектер өздерін емдегенімен, балалардың денсаулығына аса мән бермейді.

    Дәлірек айтсақ, елімізде инфекциялық ауруларға шалдыққандардың 65-70%-і балалар мен жасөспірімдер.

    sputniknews.kz

    Сурет: ашық дерек көздерінен

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.