Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы ашылды
    Жаңалықтар

    Елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.04.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өз жұмысын бастады.

    Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғылыми, шығармашылық және интеллигенция өкілдері қатысып жатыр.

    Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Алқалы  жиын барысында ол халқымыз үшін Ассамблеяның бұл сессиясы тағдыршешті болатындығын баса айтқан еді.

    «Ол Ассамблея тарихындағы маңызды кезең болады. Біріншіден, сессияның «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» деп аталатын күн тәртібі Қазақстанды жаһандық трансформация мен экономикалық турбуленттік кезеңінде табысты дамытудың шарты ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын көрсетеді. Екіншіден, сессия барысында 5 институттық реформаның «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші  бағытын жүзеге асырудың аралық қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру туралы есебі тыңдалады. Үшіншіден, сессия Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өтеді және бұл тақырып күн тәртібін айқындаушы болады», — деген еді Г.Әбдіқалықова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.