Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоған 1915 жылы Ыстамбұлда қаза тапқан армяндардың туыстарына көңіл айтты- деп жазады Премьер-министрдің интернет-сайтында. Тоғыз тілде, оның ішінде армян тілінде де жарияланған мәлімдемеде Ердоған «Бірінші дүниежүзілік кезінде болған оқиға — бәрімізге ортақ қайғы. 20 ғасыр басында өмірінен айырылған армяндардың жаны бақұл болсын» делінген.
Себебі, 24 сәуір күні Осман империясы тұсында түріктердің этникалық армяндарды жаппай қырғынға ұшырату науқанын бастағалған күні ретінде тарихтан белгілі. Армян халқы, дәл осы күні Стамбулда империя құрамындағы жүздеген армян зиялы қауымы тұтқындалып, қуғынға айдалған. Олардың көбісі қаза тапты.