Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін, ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Өскеменнің жаңа басшысын қала активіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.
Омар Жақсылық Мұқашұлы — саяси қайраткер. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (2010) бітірген.
Еңбек жолын: 2001 жылын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы болып бастаған. 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы. 2009 — «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, «Арнамедиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы, одан соң Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2016 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған.
«Құрмет» ордені (12.2017), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (12.2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (12.2016), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (08.2012) және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (07.2015) марапатталған.