Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өскемен қаласының әкімі тағайындалды
    Жаңалықтар

    Өскемен қаласының әкімі тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.08.2018914 Views

    Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін, ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    Өскеменнің жаңа басшысын қала активіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

    Омар Жақсылық Мұқашұлы — саяси қайраткер. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (2010) бітірген.

    Еңбек жолын: 2001 жылын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы болып бастаған. 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы.  2009 — «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, «Арнамедиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

    2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы, одан соң Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2016 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған.

    «Құрмет» ордені (12.2017), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (12.2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (12.2016), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (08.2012) және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (07.2015) марапатталған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.