Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында алғашқы түрме бой көтереді
    Жаңалықтар

    Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында алғашқы түрме бой көтереді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.04.2016Updated:25.04.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынатын алғашқы түрме Шымкентте бой көтермек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлім етті. Айтуынша, Ұлт жоспарының 34-қадамына сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) дамыту шеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту, пенитенциарлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жеке меншік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және осы салада халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаларды құрылымдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Ұлт жоспарының 34-қадамында сотталғандарды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы камералық ұстауға көшу қарастырылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда аталған мәселе талқылануда, Шымкентте жер учаскесі бөлінді, Қазақстан бойынша типтік жобалар дайын, олар халықаралық сараптамадан өтті және халықаралық, еуропалық стандарттарға сай деп танылды», — деп атап өтті М.Аюбаев.
    Түрлі қауіпсіздік режимдеріне ие алғашқы түрменің құрылысы 2017 жылы басталмақ. Ол 1500 орынға шақталады. Жоба құны әлі анықталған жоқ.
    Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған түрмелерді салу үшін Қазақстанның 5 облысында жер телімдерін бөлу жөніндегі мәселе талқылануда.

    ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.