• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Айғақ» телеарнасы «Ұлы дала көші» жобасымен еліміздің солтүстік өңірінде іс-сапарда жүр

13.08.2018
0

«Ұлы дала көші» жобасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына кеткендер діттеген аймаққа жетіп, жексенбі күні іске кірісті. Елбасының ішкі көші-қон саясаты аясында күнгейден Қызылжар аймағына барып қоныстанғандар бір-бірімен үйренісіп, жұмыла еңбек етіп жатыр. Мәселен, ақын Мағжан Жұмабаев ауданында 88 отбасы бар. Олар Түркістан облысы мен Шымкент мегаполисінен көшіп барған. Күнгейден кеткен жерлестеріміздің тыныс-тіршілігімен Түркістан облысы мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш, жазушы Серік Жанәбіл мен «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы танысты.

Мағжан Жұмабаев ауданының 60 пайызы шекара. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарымен шектеседі. Бұл ауданда 30 314 xалық бар. Осы ортаны Ораловтар отбасы толықтырыпты. Балабек пен Замира 5 бала-шағасымен осыдан екі жыл бұрын қоныс аударған. Мемлекеттен субсидияны алып, мал шаруашылығын қолға алған шаруалардың көңілдері шат.

balabek-zamira-01Табиғаттың сұлу алқабында төрт түлік ұстап, еңбек етіп жатыр. Сүт өндіріп, жергілікті xалықпен тығыз байланыс орнатқан.

balabek-tseh

 

balabek-molokovozШағын кәсіпті ұршықша иіріп отырған Ораловтар бұрынғы Сарыағаш, қазіргі Келес ауданының Амангелді ауылынан көшкен. Бүгінде олар Сарыарқаның төрінде жаңа бір тіршілікке бет бұрып жатыр. Олар соңынан іздеп келген жерлестерін көріп бір марқайып, төбелері көкке жеткендей болды.

balabek-zamira-0

Сондай-ақ дәл осы Октябрьский елді мекенінде Қадырбек Сыдықов пен Гүләйім Маxамбетова тұрып жатыр. 4 баласы бар бұл отбасы да шаруаны дөңгелетіп, күнгей өлкесінен алған іскерлігін жергілікті тұрғындарға көрсетіп, ауылда беделді отбасыға айналыпты.

Үй жануарлары үйрек пен қазды асырап жатқан тағы бір отбасы қасиетті Қазығұрт ауданынан барған. Нүркен мен Сарагүл білім ошағында бала оқытып жатқан ұлағатты ұстаздар. Бірақ қосымша шаруамен айналысып, бабалар аманаттаған ұлан-ғайыр жерді игеріп отыр.

nurken-dom-00Жөн сұрасқанда Нүркен Нұрсейіт Ордабасы ауданында дүниеге келген. Ал, жұбайы Сарагүл Бейсебаева Төлеби ауданының тумасы екен. «Атамекенімде еңбек етуге келдім» деп отырған жерлестеріміз ешқандай қиындықтан қаймықпаған отбасы.

nurken-sn-04

Ақ қайындар қоршаған әсем табиғатқа қоныс тепкен тағы бір отбасының бірі Бақытжан Жексебаевтың шаңырағы. Ақын Ілияс Жансүгіровтың туған жері Алматы облысы, Ақсу ауданынан келген бұл отбасында 7 ұл-қыз бар екен.

ulitsa Тіршіліктің бел ортасындағы отбасы балалар үйінен ата-анасының қамқорынсыз қалған 6 баланы асырап алмақ ниеті де бар. Ауылдың сәнін келтіріп, бала санын арттыруды көздеп отырғандарға қызыға қарап, дән риза болдық.

sosedi

Сарыарқа сары белі бар,

Өрісті шалқар көлі бар — деп жырлаған ақын Мағжанның ауылына барып қоныстанып жатқандардың қатары аз емес екен.

Жұмабаев жырлаған Түркістаннан барып қоныстанғандардың тағы бірі Медвежка ауылында тұрып жатыр. Сәуірбек Қуанышбекұлы мен Нұржамал Тәмбетова Елбасының ішкі көші-қон саясатын қолдаған ең алғашқы отбасының бірі.

nurzhamal-011 Осыдан үш жыл бұрын екі ала дорбамен келген шаңырақ иелері бүгінде үйлі-жайлы. Ауылдағы белсенді отбасы мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Төлеби ауданының тумалары Қазақстанды батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі деп бөлуге мүлдем қарсы. Аспан астындағы бір Отанда тұрамыз. Сондықтан ештеңеге қарамастан, бос жатқан иен далаға өзіміз иелік етсек деп көксеп, еріксіз бел сыбана кіріскен. Бұлардың барлығы бүгінгі күннің қаһармандары.

dsc_0296

«Айғақ» телеарнасының түсірілім тобын қабылдаған Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегманов Түркістан облысы мен Шымкент мегаполисінің тұрғындарына өзінің ыстық сәлемін жолдады.

dsc_0009

Солтүстік өңірлеріне Елбасының ішкі көші-қон саясаты бойынша көшіп барып, қоныстанған отбасылардың хал жағдайымен танысып, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат тұтқан «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобына аудан басшысы алғысын білдірді. Мағжан Жұмабаев ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың ретін баяндап, Түркістан өңірінен көшіп барған жерлестеріміздің айтулы еңбегін айтып мақтанды.

dsc_0036

Бағлан Байкөбекқызы

 

Бөлісу47TweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.