Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл Түркістан облысында 10 көпір күрделі жөндеуден өтсе, 762 шақырым жол пайданалуға берілді
    Жаңалықтар

    Биыл Түркістан облысында 10 көпір күрделі жөндеуден өтсе, 762 шақырым жол пайданалуға берілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2018367 Views

    Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен жалпы саны 26 млрд, 332 млн тенге қаралған. Оған, 437 республикалық және облыстық сондай-ақ, маңызды елді мекен жолдары салынса, 10 бірдей көпір жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген.  Бұл туралы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт баспасөз жиынында айтып, 1-ші жартжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.

    uldarhan-00_05_10_11-still006

    Түркістан облысында да автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118 шақырымды құрайды. Оның ішінде жалпыға ортақ пайдаланып отырған  облыстық және аудандық көлік жолдары 5 мың  шақырымға  жуықтайды, 2017 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі былтырғы жылы 64,4 пайыз болса, ағымдағы жылдың жоспары ретінде 70,7 пайызға жеткен.  Осылай деген ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт жол саласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан –жақты тоқталды.

    uldarhan-00_04_38_18-still005

     2017 жылы 27 млрд 269 млн тенгеден астам қаржыға 580 нысан немесе 1543 шақырым жолдар, көшелер және аяқжолдарға құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп соның 762 шақырымы пайдалануға тапсырылған.  Осындай ауқымды жұмыстар атқарылған салаға биылғы жылы да  26 млрд 332,5 млн  тенге  қаржы бағытталып отыр екен.  Нәтижесінде  биыл өңірімізде  437  нысан бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары әліде жүргізіліп отыр.

    uldarhan-00_06_24_19-still007

    uldarhan-00_02_17_09-still002

    Облыс аумағында, маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. Оның 300-ге жуығы қанағатты жағдайда болса, қалғаны қазірде күрделі жөндеуден өткен. Ал, теміржол көлігі бойынша әлеуметтік мәні бар «Шымкент-Түркістан» және «Шымкент-Сарыағаш»  теміржол бағыттарына ағымдағы жылдың 6 айында 69 мың жолаушы тасмалданып, 112 млн теңге игерілген. Ал, Шымкент қаласының республикалық статус алып бөлінуіне байланысты, аталған бағыттар облыс аралық болып өзгертіліп отыр. Жолаушылар саласы бойынша айта кетсек,  облыс аумағында ағымдағы жылы 197 автобусты жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 6 айда оның 94-і жаңартылып үлгеріпті. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің басым көпшілігі Шымкент қаласына тиесілі болып отыр.

    Ұлдархан УӘЛИХАНҚЫЗЫ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.