Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен жалпы саны 26 млрд, 332 млн тенге қаралған. Оған, 437 республикалық және облыстық сондай-ақ, маңызды елді мекен жолдары салынса, 10 бірдей көпір жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Бұл туралы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт баспасөз жиынында айтып, 1-ші жартжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Түркістан облысында да автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118 шақырымды құрайды. Оның ішінде жалпыға ортақ пайдаланып отырған облыстық және аудандық көлік жолдары 5 мың шақырымға жуықтайды, 2017 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі былтырғы жылы 64,4 пайыз болса, ағымдағы жылдың жоспары ретінде 70,7 пайызға жеткен. Осылай деген ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт жол саласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан –жақты тоқталды.
2017 жылы 27 млрд 269 млн тенгеден астам қаржыға 580 нысан немесе 1543 шақырым жолдар, көшелер және аяқжолдарға құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп соның 762 шақырымы пайдалануға тапсырылған. Осындай ауқымды жұмыстар атқарылған салаға биылғы жылы да 26 млрд 332,5 млн тенге қаржы бағытталып отыр екен. Нәтижесінде биыл өңірімізде 437 нысан бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары әліде жүргізіліп отыр.
Облыс аумағында, маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. Оның 300-ге жуығы қанағатты жағдайда болса, қалғаны қазірде күрделі жөндеуден өткен. Ал, теміржол көлігі бойынша әлеуметтік мәні бар «Шымкент-Түркістан» және «Шымкент-Сарыағаш» теміржол бағыттарына ағымдағы жылдың 6 айында 69 мың жолаушы тасмалданып, 112 млн теңге игерілген. Ал, Шымкент қаласының республикалық статус алып бөлінуіне байланысты, аталған бағыттар облыс аралық болып өзгертіліп отыр. Жолаушылар саласы бойынша айта кетсек, облыс аумағында ағымдағы жылы 197 автобусты жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, 6 айда оның 94-і жаңартылып үлгеріпті. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің басым көпшілігі Шымкент қаласына тиесілі болып отыр.