Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: «Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан»
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: «Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан»

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2018304 Views

    001

    Облыс орталығы атанған  киелі Түркістан қаласында бұған дейін алғаш болып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі ашылып өз жұмысын бастаған болатын. Осы орайда жаңа өкілдіктің бастамасымен «Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан»  тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды. Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы іс әрекеттерді жетілдіру мақсатындағы басқосуға аудан-қала имамдары мен белгілі дінтанушылар қатысты. Сондай- ақ маңызды семинарға көршілес Жамбыл және Қызылорда облыстарының өкіл имамдары да арнайы шақыртылған.

    002

    Облысымыздың жаңа орталығы Түркістан қаласында жуырда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі ашылған болатын. Осыған орай жаңа өкілдіктің ұйытқы болуымен мұнда алғашқы аймақтық семинар ұйымдастырылды. Келелі басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков және Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев сондай-ақ ғұламалар кеңесінің мүшелері  ҚМДБ-на қарасты Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қалалары мен аудан қала имамдары, және де медрессе ұстаздары қатысты. Мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша мақсатты түсініктемелер айтылып, өзекті мәселелер ортаға салынған  семинар жұмысын ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары әрі Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы алғы сөзбен ашып берді.

    003

    006

    Аймақтық семинар Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын-алу мақсатында облыстық жергілікті ақпараттық насихат топтары мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатын көздейді. Сонымен бірге  діни экстремизмді насихаттаудың алдын-алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Сондықтан басқосу барысында белшілі дінтанушы ғалымдар баяндама жасап орамды ойлар ортаға салынды.

    005

    Семинар барысында  жоғары оқу орындары, медресселер мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіру мәселелері  талқыланып, мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша мақсатты түсініктемелер берілді. Оған қоса мешіттерді тіркеу және заңдастыру тақырыбында баяндама жасалды. Айта кетсек еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда бар болғаны 68 ғана мешіт  жұмыс жасаған болса, бүгінде алла үйлерінің саны Республика бойынша 2500 ден асады. Десе де мешіт салудың да өзіндік тәртібі мен шарттары болуы қажет.

    Басқосудда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты облыс имамдары  жат ағымдармен күрес жүргізудің әдістемесі тақырыптарында баяндама жасаса, қала аудан имамдары да атқарып жатқан жұмыстар бойынша өз есептерін берді. Ал ең бастысы семинар қатысушылары мұндай келелі кеңестердің берері мол деп санайды.

    «Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан» тақырыбын арқау еткен семинар барысында осылайша  бірқатар баяндамалар жасалып ұсыныс пікірлер айтылды.

    Абай ОМАР.

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.