Облыс орталығы атанған киелі Түркістан қаласында бұған дейін алғаш болып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі ашылып өз жұмысын бастаған болатын. Осы орайда жаңа өкілдіктің бастамасымен «Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды. Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы іс әрекеттерді жетілдіру мақсатындағы басқосуға аудан-қала имамдары мен белгілі дінтанушылар қатысты. Сондай- ақ маңызды семинарға көршілес Жамбыл және Қызылорда облыстарының өкіл имамдары да арнайы шақыртылған.
Облысымыздың жаңа орталығы Түркістан қаласында жуырда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі ашылған болатын. Осыған орай жаңа өкілдіктің ұйытқы болуымен мұнда алғашқы аймақтық семинар ұйымдастырылды. Келелі басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков және Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев сондай-ақ ғұламалар кеңесінің мүшелері ҚМДБ-на қарасты Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қалалары мен аудан қала имамдары, және де медрессе ұстаздары қатысты. Мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша мақсатты түсініктемелер айтылып, өзекті мәселелер ортаға салынған семинар жұмысын ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары әрі Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы алғы сөзбен ашып берді.
Аймақтық семинар Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын-алу мақсатында облыстық жергілікті ақпараттық насихат топтары мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатын көздейді. Сонымен бірге діни экстремизмді насихаттаудың алдын-алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Сондықтан басқосу барысында белшілі дінтанушы ғалымдар баяндама жасап орамды ойлар ортаға салынды.
Семинар барысында жоғары оқу орындары, медресселер мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланып, мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша мақсатты түсініктемелер берілді. Оған қоса мешіттерді тіркеу және заңдастыру тақырыбында баяндама жасалды. Айта кетсек еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда бар болғаны 68 ғана мешіт жұмыс жасаған болса, бүгінде алла үйлерінің саны Республика бойынша 2500 ден асады. Десе де мешіт салудың да өзіндік тәртібі мен шарттары болуы қажет.
Басқосудда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты облыс имамдары жат ағымдармен күрес жүргізудің әдістемесі тақырыптарында баяндама жасаса, қала аудан имамдары да атқарып жатқан жұмыстар бойынша өз есептерін берді. Ал ең бастысы семинар қатысушылары мұндай келелі кеңестердің берері мол деп санайды.
«Ер Түріктің бесігі – Рухани жаңғырған Түркістан» тақырыбын арқау еткен семинар барысында осылайша бірқатар баяндамалар жасалып ұсыныс пікірлер айтылды.