Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Керекуде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бас қосты
    Жаңалықтар

    Керекуде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бас қосты

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.08.2018775 Views

    Баянауылдың тумасы, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров:

    «Мен қазақ қазақпын деп мақтанамын,

    Ұранға «Алаш» деген атты аламын!

    Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

    Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!» — деп жырлаған. Ұлтына деген құрметі шексіз болған тума таланттың өскен, өнген өлкесінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бас қосты. Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков жетекшілік еткен жиынға Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Ақмола секілді өңірлердегі филиалдардың басшылары мен Ресейдің Алтай өлкесіндегі отандастарымыз қатысты.

    ddk-z-tursbekovdsc_0086

    Былтыр Елбасы Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында бірнеше міндеттер қойған болатын. Бастысы — қазақтар көп шоғырланған шетелдермен тығыз байланыс орнату. Оның ішінде Қытай, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия, Ресей мемлекеттері бар. Қиырдағы қандастарымыздың тағдырына бүгін назар аудармасақ, ертең кеш болады. Ол елдерде қазақ мектептерін сақтап қалу мен жаңа білім ұяларын ашып, салт-дәстүрді еске салатын жағдайды қалыптастыру керек. Мәселенің өзектілігі — күн тәртібінен түспеуі қажет. Зауытбек Қауысбекұлы «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деп астармен ащы шындықты жайып салды.

    dsc_0115 dsc_0109 dsc_0117

    Ертіс өңірінде өткен «Ұлы дала» этнофестивалі аясындағы жиында «Отандастар» қорының маңыздылығы айтылды.Тек шетелдік емес, барлық қазақтармен жұмыс істеуге бағытталған қорға қаржы керек. Ол үшін Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына мүше болып, бар-жоғы бес мың теңге аударасыз. Есесіне сол қаражат Отаныңызды, ұлтыңыз бен тіліңізді сақтауға үлес қосады. «Ұлтымыздың рухын оятудан аяған қаржыны ит жесін» — деп  зиялы қауым текке айтпады. Осы мақсаттағы «Отандастар» қоры 1 қыркүйектен бастап жұмысқа кіріспек.

    dsc_0120

    dsc_0121

     Еліміз егемендік алған жылдар ішінде миллиондаған қазақ Атақонасына оралды. Әлі де жете алмай жүргендері қаншама? Міне, осындай патриоттық тақырыпты қозғаған жиын үш сағатқа созылды. Керекуде өткен бұл жиынның түп-төркінінде ойлы мәселе жатыр. Еліміздегі халық санын көбейтуге ұсыныс айтылып, жасалған баяндамаларды жұрт ұйып тыңдады. «Әр қазақ — менің жалғызым» деген бір сөзбен-ақ көкейдегі ойды дөп басты.

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.