Талай тартысты жарыстарда топ жарып, есімі әлемге таныла бастаған аралас жекпе-жек түрлерінің палуаны Орынбордың тумасы Дамир Исмағұлов тағы да жеңіске жетті. Санкт-Петербургте өткен «М-1 Challenge 65» турнирінде Украинаның чемпионы Вячеслав Тенмен әскери самбодан күш сынасқан Дамир 1 раундта-ақ жарысты аяқтап үлгерген.
Турнир соңында спортшы қазақстандық жанкүйерлеріне өз алғысын жеткізді. «Бұл жарысқа көптен дайындалып жүргенім рас. Қазақстандықтардың мен үшін жанкүйер болып, қолдау білдіргендері үшін рахмет айтамын, құрметтеймін», — делінген tengrinews.kz ақпараттық порталы таратқан хабарламада.