Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Театр көктемі-2016» фестивалі өтуде
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Театр көктемі-2016» фестивалі өтуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.04.2016Updated:08.04.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бейсенбі күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестивальдің ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан барша қатысушыларды құттықтап, өнер майталмандарына сәттілік тіледі. КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов төрағалық ететін қазылар алқасының құрамында: Қазақстанның Халық артисі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев; Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, Халықаралық Ш.Айтматов клубының вице-президенті Бусурман Одуракаев; «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Жұмабай Шаштайұлы; Дүниежүзілік Қазақтар қауымдастығының Германиядағы филиалының төрағасы Сүлеймен Шадкам; жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт; әдебиетші, сыншы, профессор, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-і жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Құлбек Ергөбек бар. Сонымен қатар, фестивальге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутаев, «Еңлікгүл-2016» сыйлығының «Жылдың театртанушылық мақаласы» номинациясының иегері Айзат Қадыралиева, театртанушы Назерке Жұмабай арнайы келді.12923196_953087018140971_3189461863027660372_n

    12792250_953086908140982_8975623060655822221_oФестивальдің алғашқы күнінде Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры Р.Отарбаевтың «Бас» драмасын, облыстық қуыршақ театры «Сағыныш шөбі» қойылымын, облыстық опера және балет театры А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын ұсынды. Үш күнге созылатын «Театр көктемі – 2016» фестивалі 9 сәуір күні Түркістан қаласы сазды-драма театрының «Мұстафа Шоқай»драмасымен қорытындыланады.

    ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.