Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда латын жазуына негізделген қазақ алфавитінің жазу тұжырымдамасы әзірленді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда латын жазуына негізделген қазақ алфавитінің жазу тұжырымдамасы әзірленді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан латын графикасы негізінде қазақ алфавитін жазу тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

    Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырыс аясында қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды, сондай-ақ, жаңа әліпбидің емле ережелері мен пернетақтаның техникалық орналасуын әзірлеу бойынша жұмысты одан әрі үйлестіру мәселелері талқыланды.

    Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия — Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі мақсаты — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеп бекіту, жұмыс барысын үйлестіру және оның сапалы орындалуына бақылау жасау.

    Әліпбиді латын графикасына көшіру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі бағыттары бойынша мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев баяндама жасады.

    А. Мұхамедиұлы бүгінде тіл мамандарының қатысуымен жұмыс тобы Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің емле тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті.

    «Қазіргі таңда қазақ тілінің орфографиясы мен емле ережелерінің негізгі тәртіптерін әзірлеу бойынша күнтізбелік жоспардың кестесі дайындалды. Жалпы, еліміз үшін маңызды тіл реформасы қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр», — деді А. Мұхамедиұлы.

    Е. Сағадиев бүгінгі таңда А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қазақ және түркі тілдеріндегі термин жасамының халықаралық қағидалары мен ережелерін зерттеп, ұлттық терминология критерийлерін әзірлегенін хабарлады.

    Отырыс барысында, сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, Парламент Сенатының депутаты М. Бақтиярұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Мамраев, Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т. Аяпова, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е. Тілешов және т.б. пікір білдірді.

    Ұлттық комиссияның төрт жұмыс тобы бар:

    ҚР БҒМ жанындағы әдістемелік жұмыс тобы оқу, зерттеу және оны білім беру жүйесіне кезең-кезеңмен енгізумен айналысады.

    Терминологиялық жұмыс тобы терминологиялық қорды жүйелендірумен айналысады.

    ҚР МСМ жанындағы орфографиялық жұмыс тобы латын графикасы негізінде қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық ережелерін әзірлейді.

    ҚР АКМ-нің техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобы латын графикасын АT және ақпараттық кеңістікке бейімдеу жұмыстарын орындайды.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.