Биыл күй атасы Құрманғазының 195 жылдығына орай астрахандықтар «Домбыра күнін» атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.
Астрахан жеріндегі Құрманғазы Сағырбайұлының мұражайына барған Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы консулы
Қанат Шекқалиев пен ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорынан келген өкілдер қалада «Домбыра күні» өткізілетінін мәлім етті. Қанат Мағатұлының айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтау, қайта жаңғырту мақсатында көптеген шаралар өткізіледі.