Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Ордабасы» футболшылары кезекті жеңіске жетті
    Жаңалықтар

    «Ордабасы» футболшылары кезекті жеңіске жетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.04.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Футболдан премьер-лига командаларының үшінші турдағы ойындары аяқталды. Талдықорған қаласында жергілікті «Жетісу» командасымен жасыл алаңға шыққан «Ордабасы» футболшылары сырт алаңда 1-2 есебімен жеңіске жетіп  маңызды деген  үш ұпайға ие болды.  Осының алдындағы 2-турда  «Астанамен» болған ойында төрешілердің қысымына шыдай алмаған «Ордабасы» командасының бас бапкері Бақтияр Байсейтов өз наразылығын ашық түрде көрсеткен болатын. Команданың тас қамал қорғаушысы Мұхтар Мұхтаров қатаң ескерту алып алаңнан қуылған еді. Мамандар «Ордабасы» осы соққыларды көтере алмай қалмаса болғаны деп өз пікірлерін білдірді. Дегенмен 3-турда  жігерлілік танытқан «Ордабасы» футболшылары  сырт алаңда кереметтей ойын өрнегін көрсетті. Алғаш болып  биылғы чемпионаттың сұрмергені, хорватиялык шабуылшы Эдин  Юнузович 25-минутта есеп ашты. Есеп 0-1. Ойын алаңының жасанды болғанына қарамай шаубылдағы бағытынан таймаған оңтүстікқазақстандықтардың мақсаты орындалды.  Арада аз уақыт өтпей 38-минутта  тағы бір мықты футболшы ұлттық құрама ойыншысы Азат Нұрғалиев екінші голдың авторы атанды. Есеп 0-2.

    Ойынның екінші кезеңінде есе қайыруға ұмтылыс жасаған Алмас Құлшынбаев шәкірттерінің ойлағаны мақсаты орындалмады.Құрама сапындағы Борис Кадио сынды серкелердің сансыз шабуылдарына қақпашы Сергей Бойченко лайықты тосқауыл қоя білді.Қонақтардың қорғанысы сыр бермеді. Кездесудің 67-минутында  «Ордабасы» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев екі рет алған ескертуі салдарынан алаңнан қуылды.10 ойыншысы қалған жерлестеріміз бүкіл команда болып қорғанысқа көшті. Алайда бүгінгі ойында аса белсенді футболшы Борис Кадио бір гол салып есеп айырмасын қысқартқанымен,»Жетісу» командасының есепті теңестіруге шамалары келмеді. Қорытынды есеп 1-2

    Осылайша жерлестеріміз аса маңызды деген үш ұпайға ие болып  турнир кестесінің алдыңғы легінде кетіп бара жатқан командалармен қатарласа бастады. Турнир кестесінің көшін әлі бірде –бір рет жеңіліс көрмеген,тіпті өз қақпаларына  бір доп жібермеген  Павлодардың «Ертісі» бастап келеді. Олар кешегі турда  «Атырау» футболшыларын  3-0 есебімен ойсырата ұтты. Енді жерлестеріміз, 9- сәуір сенбі күні,  осыған дейін жеңілістің ащы дәмін сезінбеген Қостанайдың  «Тобылымен» өз алаңында кездеседі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.