Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Сапалы білім — саналы ұрпақ қалыптастырады
    Білім

    Сапалы білім — саналы ұрпақ қалыптастырады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Updated:19.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қаламыздағы Саттар Ерубаев атындағы №24  мектеп-лицейінде 1650 оқушы бар. Мұның барлығы жаңа заман талабына сай, яғни «Цифрлы Қазақстан» жүйесі бойынша білім алуда. Сондай-ақ, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін де бар жағдайлар қарастырылған. Мәселен, ойын алаңшалары мен қатар түрлі үйірмелер оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қызмет етпек.

    Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа  Жолдауында біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Елде 3D принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларда дамыту керектігі айтылған. Бүгінде бұл бастама өз деңгейінде қолға алынып жатыр. №24 Саттар Ерубаев атындағы мектеп-лицейінде орнатылған интерактивті құрылғылар осының дәлелі.

    «Thunter»- педагог мамандарын жұмысқа қабылдауға көмек береді. Яғни, «Thunter» арқылы білім саласында қызмет еткісі келетін азаматтар өз түйіндемелерін қалдыра алады. Әрине бұл бір жағынан уақытты үнемдеуге және қағаз бастылықтан құтылуға септігін тигізеді. Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінде аталған интернет жүйесі өткен жылы орнатылған. Нәтижесінде бүгінге дейін 15 педагог жұмысқа қабылданып балаларға сапалы білім беруде.

    Мұнан бөлек оқу ордасындағы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін бар жағдайлар қарастырылыпты. Атап айтқанда шахмат, кітап оқу, қолөнер мұражайы және робототехника құрастыратын бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар мамандардың мәліметіне сүйенсек Қазақстан бойынша жалғыз «Лазерлі интерактивті тақта»  осы білім қабырғасынан орын алған.

    Биыл Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп – лицейінің оқушыларына «Астанам жүрегімде» тақырыбындағы сауықтыру орталығы қызмет жасайтын болады. Ендеше бұл білім ошағының балаларға сапалы білім беріп, болашақтың тірегі болатын жастар қалыптастыруда талмай еңбек етуіне тілектеспіз.

    Мақсат Тоқсанбай.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.