Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Студенттер жатақханасына мұқтаж үш өңір белгілі болды
    Білім

    Студенттер жатақханасына мұқтаж үш өңір белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өңірлік жергілікті атқарушы органдар жатақхана құрылысына 134 жер телімін бөлді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Біріншіден, біз жоғары оқу орындарымен, колледждермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жатақханалардағы қажетті орындарды анықтадық. Бүгінгі күні өңірлік шекте алып қарайтын болсақ, Алматыға 23 мың, Астанаға 17 мың және Оңтүстік Қазақстан облысына 11 мың жатақхана орны қажет. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдармен жатақхана салуға арналған жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта әкімдіктер оқу орнының жанында орналасқан және білім беру ұйымдарына тақау аймақтан шамамен 134 жер учаскесін бөлді», — деді вице-министр.

    Оның айтуынша, жатақхана салу тетіктері әзірленген. Алдымен жатақхананың жобасы әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы мен банк арасында келісімшарт жасалады. Одан кейін жоғары оқу орны немесе құрылысшы компания банктен займ алады.

    «Жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін ол мемлекет тарапынан өтемақы төлемін алатын болады. Өтемақы төлеудің мерзімі шамамен 8 жылды құрайды. 8 жыл бойы мемлекет оған бір төсек орынға кеткен барлық инвестициялық шығындарын өтейді. Біз бұл тетікті есептеп шығып, Қаржы министрлігімен бірге бекіттік. Жоғары оқу орындарымен де талқыладық», — деді ол.

    Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы аясында еліміздің өңірлерінде студентерге арналған 75 мың орындық жатақхана салынатын болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.