Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҢТҮСТІКТЕ «ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    ОҢТҮСТІКТЕ «ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Отырыста ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы таныстырылды. Сонымен қатар,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу апталығының қорытындысы қаралды. 

    f01d6626-f863-47b9-84e0-f20606ffd386

    Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты — қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.

    Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық бірлестігінің төрағасы, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Т.Байгулов,  отырыстың комиссия мүшелері мен аудан, қала әкімдері қатысты.

    b7c21178-773b-491a-a932-ff85fc36eb45

    «Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы а.ж. 11 маусым күні Агенттікпен бейнеконференцбайланыс арқылы өткен селекторлық кездесуде талқыланған. Аталған жобаны «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, өңірдегі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу мақсатында фронт офис ашу жоспарлануда» — деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев. 

    Сондай-ақ, Әли Амантайұлы жобаның мақсаты мен міндеттеріне, өңірде жүзеге асырылуы мен ондағы департаменттің рөлі бойынша қатысушыларды ақпараттандырды. 

    Отырыс барысында Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғаммен кері байланыс орнату маңыздылығы да талқыланып, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet сайты жұмыс жасайтындығы айтылды.

    Комиссия отырысында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық бірлестігінің төрағасы Байгулов Төлеген Зинешұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес апталығында атқарған жұмыстарымен таныстырып, бейнекөрсетілім көрсетті.

    Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Департамент жұмысы туралы баяндама жасап, орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып өтті.  

    Анықтама үшін: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, сонымен қатар, экспортты дамыту мен жылжытуға уәкілетті болып табылады. Франция,Германия, ҚХР, Түркия,АҚШ секілді елдерде фронт офистері бар. 

    Отырыс қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтінін айтып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айын жариялауды тапсырды. Сонымен бірге, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізетінін, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. 

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.