Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан ұмытылып бара жатқан мейрамдарымыздың бірі — қымызмұрындық. Ел жайлауға шыққанда аталып өтетін қымыз тойын Оңтүстік жыл сайын тойлауға тырысып жүр. Десекте биыл ерекешелеу. Қаратаудың етегінде жайғасқан Бәйдібек ауданы Қымызмұрындық фестивалін қолға алып дәстүрдің мәні мен маңызын көрсетті. Барлық аудан, қалалар киіз үй тігіп, жиылған қонақтар мәре-сәре.


