Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»35 балуан Президент жүлдесі үшін белдеседі
    Жаңалықтар

    35 балуан Президент жүлдесі үшін белдеседі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    ????????????????????????????????????
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    1 шілде күні Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін, елорданың 20 жылдығына арналған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Осымен сегізінші рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы мен Астана қалаларынан, әскерилер арасында іріктеуден өткен, 35 үздік балуан қатысады.

    Жарысқа қатысушы балуандар Астанаға 28 маусымда келеді деп күтілуде. Ал, 29 маусымдағы сағат 19:30-ға ресми салмақ өлшеу рәсімі белгіленіп отыр.

    «Қазақстан Барысы» турнирі 1 шілдеде 12:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімі басталмақ. Тартысты белдесулер жеті сағатқа созылады деп жоспарланған. Шара аясында спорттық сайыстармен қатар концерттік бағдарлама мен керемет шоу өтеді деп күтілуде.

    «Қазақстан Барысы» турнирінің биылғы жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске — 100 000 теңге, ІІІ орынға — 1 800 000 теңге (бапкеріне — 900 000 теңге), ІІ орынға — 5 500 000 теңге (бапкеріне — 1 800 000 теңге), І орынға — 25 000 000 теңге (бапкеріне — 3 500 000 теңге) беріледі.

    Мұнымен қоса, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында су жаңа Renault Logan автокөлігі ойнатылады. Билеттерді қазірдің өзінде «Меломан» дүкендері желісі мен kassir.kz сайтынан сатып алуға болады. Бағасы 500 теңге мен 5000 теңгенің аралығында.

    Айта кетейік, жекпе-жектер «Qazaqstan» ұлттық арнасы және «Qazsport» телеарнасынан, сонымен қатар Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

     Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.