«Қайырымдылық — асыл қасиет». Дәл осы тақырып аясында Отырар ауданында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты жалғыз басты мұқтаж жандардың үй-жайын жөндеп, қол ұшын созу. Осыған орай аудандағы көмекке зәру әрі баспаналар күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғындардың әрқайысысына аудандық бюджеттен 200 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар мұндай игі іске жергілікті кәсіпкер азаматтар да атсалысып, нәтижесінде 5 бірдей тұрғын үй жөндеуден өтті.
ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ
Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...










