Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша келісімдер саны артты
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша келісімдер саны артты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, осы  жылдың  басынан 1 маусымдағы жағдай бойынша 229 нысан бойынша 223 МЖӘ келісімі орнатылды.

    Инвестицияның жалпы сомасы 787 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Атамекен» ҰКП-нің МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша бақылау кеңесінің екінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды bnews.kz.

    Руслан Дәленовтың айтуынша, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік туралы заң жобасы жылдың соңында қабылданды. Енді ол бойынша МЖӘ тұжырымдамасын әзірлеп, оны дәйектеудің қажеті жоқ. Кейбір терминдер өзгерді. Көптеген мемлекеттік органдар тұжырымдамаға дәйектеме алып үлгерді.

    «2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 229  нысан бойынша   223 МЖӘ келісімі  орнатылды.  Инвестицияның жалпы сомасы 787 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті  сенімді басқару да МЖӘ келісімшартының құрамына енеді. Демек, оны да МЖӘ ретінде статистикаға енгізген абзал. 2017-2019 жылдарға арналған лимит бекітілді. Ол ашық қолданыста,  министрліктің және Электрондық үкімет  сайтынан оқуға болады», — деді Дәленов.

    Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша 2017 жылдан бастап мақсатты трансферт берілмейді. Білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты қаржыландыру ортақ  пулмен  беріледі, сол арқылы жергілікті органдар өздері реттейді.

    Келісім  бойынша мектепке дейінгі мекемелерге қатысты  кепілдендірілген  көлемге Білім беру бөлімі жауап беруі керек. Алайда, талаптар өзгерді, автоматтандырылған жүйе бойынша ата-аналар ұнаған мектепке дейінгі мекемені өздері таңдай алады. Бұл мәселеге қатысты Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жеке меншік мектепке дейінгі мекеме өкілдерімен кездескенін айтты.

    «Бұл мәселені келісім  және нормативтік акт бойынша да реттей аламыз. Бізге бұл мәселені өңірлермен шешіп алу үшін  1-2 күн керек. Кейін тағы жиналамыз», — деді Бибігүл Асылова.

    «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Елена Якубаева Ұлттық экономика министрлігі  және  өзге меморгандармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл іске кеңестің алаңы зор ықпалын тигізіп отыр.

    «Біз жүргізіп отырған реестр Вице-премьер Ерболат Досаевтың бақылауында. Жүзеге асырылып жатқан шаралар баяндалып отырады. Бизнес саласы жедел жүзеге асырылады. Қағазбастылық жоқ деуге болады. Статистиканы  МЖӘ орталығы ЖАО баяндамасына сүйеніп жасайды», — деді ол.

    Ол  Мемлекттік-жекеменшік әріптестік статистикасы мемлекеттік  тапсырыс негізінде дайындалатынын айтты.

    «Бұл дұрыс па, бұрыс па біз білмейміз. Бізге бастысы толық көрініске ие болу. Сондықтан да біз МЖӘ жобаларына статистика енгізу үшін талаптарды анықтауды ұсынамыз.  Сараптама жасау үшін ашық статистиканы көруіміз керек. Сондай-ақ, МЖӘ орталықтарындағы статистика мұрағатын көтеру керек. ЖАО-лар да қалыпты түрде барлық есепті орталыққа жіберіп тұрулары тиіс», — деді Елена Якубаева.

    Отырысқа  барлық өңірлерден мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өкілдері мен жергілікті орган өкілдері маңызды мәселелерге қатысты пікір білдіріп, сұрақтарын қойды. Аталмыш кеңестің отырысы МЖӘ саласындағы түйіткілді мәселелерді шешу үшін дәстүрлі түрде жалғасын табады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.