Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған сөзінде екі елдің бүкіл қарым-қатынастары тарихында мемлекеттер басшылары арасында сенімділік сипатындағы диалог орныққанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге өзара сенімді және достық қатынастарымызды нығайта береміз. Елдеріміз арасында шешімін таппаған мәселе жоқ, керісінше, одан әрі даму үшін жолымыз ашық, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті ұлттық экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.

    – Біз 51 жобаға қатысты уағдаластыққа қол жеткіздік. Индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Соның аясында 1200 кәсіпорын аштық. Біздің міндетіміз – шикізат ресурстарына тәуелсіз екінші баламалы экономика қалыптастыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Брифинг барысында өзара тиімділікті қамтамасыз ету қағидаты негізінде  Қазақстанның Қытаймен экономикалық ынтымақтастықты дамытып келе жатқаны жөнінде айтылды. Екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық міндеттер және Қазақстан экономикасын дамытудың басымдықтары тұрғысынан қалыптасып келеді. Атап айтқанда, химия өнеркәсібіндегі, тау-кен-металлургия кешеніндегі, машина жасау, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және экономиканың басқа да саларындағы индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Бірлескен жобаларды іске асыру нәтижесінде экспортқа бағытталған әрі жоғары қосымша құны бар жоғары технологиялы отандық өнім өндіретін кәсіпорындар құрылады.

    Сонымен қатар, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі отырысының нәтижелері де атап өтілді. Соның барысында екі елдің бизнесмендері жалпы сомасы шамамен 13 миллиард теңге болатын 40 құжатқа қол қойды.

    Нұрсұлтан Назарбаев іскерлік топтар мен жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын шаруашылық субъектілер Қытай Халық Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетудің негізгі драйверлері болып саналатынына назар аударды. Бұл үдерісте жобалық қаржыландыру тетіктері белсенді пайдаланылады. Соған сәйкес жобаның өзі кепілдемелік қамтамасыз етуші болып саналады.

    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елдің көлік-транзит әлеуетін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды орындау мәселелеріне тоқталды.

    Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты тереңдетуге Қытайдың мүдделілік танытып отырғанын да атап өтті.

    Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында ұлттық валюталармен өзара есеп айырысу жөнінде ұсыныс білдіргені туралы толық әңгімелеп, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен болған келіссөздер барысына тоқталды.

    – Сенім болған кезде барлық мәселе шешіледі. Кез келген жағдайда өз еліңнің мүддесін ескеру керек. Келіссөз жүргізу қашан да қиын, сол себепті бұған мұқият дайындаламын. Бұл – халқымның маған жүктеген жауапкершілігі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.