Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Өңірімізде венгриялықтар ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін жобалар құратын болды
    Агро

    Өңірімізде венгриялықтар ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін жобалар құратын болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Венгрия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Ланг Юдитпен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Басқосуда тараптар екі елдің экономикалық байланысын нығайту және бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылады.

    1

    Аймақ басшысы облыстың ауыл шаруашылығы және сауда-экономикалық әлеуетімен таныстырып, өңірде шетелдік кәсіпкерлер үшін көптеген жеңілдіктердің барын айтты.

    «Егер біздегі индустриалды аймақта іс бастасаңыздар, Сіздерге барлық жағынан жағдай жасай аламыз. Біріншіден, салықтың барлық түрінен босатыласыздар. Келіңіздер, жұмыс істеңіздер! Біздің өңір негізінен, ауыл шаруашылығына бейім. Жері шұрайлы, табиғаты қолайлы. Сіздердің елдеріңіз де ауыл шаруашылығы саласында асығы алшысынан түскен мемлекет. Сондықтан да сіздерге де оңтайлы болатынына сенімдіміз» — деді Жансейіт Түймебаев.

    2

    Жиын барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша венгриялықтармен бірлескен жобалар іске асыру жайы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы мажар елінің білікті мамандарын түстік халқына ауыл шаруашылығын цифрландыру, соңғы технологияларды меңгеру бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.

    Айта кетейік, 2017 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс 150 млн. АҚШ долларынан асқан.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.