Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте қолғап шығаратын зауыт өз жұмысын бастады
    Жаңалықтар

    Шымкентте қолғап шығаратын зауыт өз жұмысын бастады

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.04.2016829 Views

    Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймақта қолғап шығаратын зауыт іске қосылды. Елімізде тұңғыш рет іргетасы қаланған өндіріс орнын Кореялық инвесторлар  ашып отыр. Жалпы жобаның  құны 481 миллион теңгені құрайды. Аталған өнімге  Қазақстанда сұраныс та жоғары. «Каз Хансоль Интерком ЛТД» деген атаумен  жұмысқа кіріскен  зауыт  бейсенбі күні салтанатты түрде лентасы қиылды. Әзірге елімізде баламасы жоқ өндіріс ошағы Қазақстан мен Корея елдері арасындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында іске қосылды деп айтуға болады. Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар оңтүстіктегі бизнеске жасалған қолайлы жағдайларды біліп, өздерінің технологияларын жеткізіп мата қолғаптарын шығаруға кірісіп отыр. 10396292_948670458582627_8127855131937061616_n

    Зауытта құрал-жабдықтардың барлығы автоматтандырылған. Қондырғылар ешқандай  қолдың еңбегінсіз өнімді тоқып шығарады. Барлығы 160-қа жуық автоматты тоқу құралы жұмыс істеп тұр. Мысалы мұндағы бір тігін машинасы екі жарым минуттың ішінде бір қолғапты  жасайды. Ал, күніне зауыт 30 мың жұп  қолғап өндіреді. Тоқу цехында өнім 80 пайыз дайын күйге келсе, келесі цехта қалған жұмыстар атқарылады. Бұл жердегі шаруалар жұмысшылардың қол еңбегін қажет етеді. Өндіріс орнында жалпы 30-ға жуық адам еңбекпен қамтылған. Олардың көбі дәл осы цехта қызмет етеді. Қолғаптарға резеңке орнату мен   артық тұстарын қырқу және оны дестелеп қораптарға салу сынды жұмыстарды жергілікті қыз-келіншектер атқаруда.12891745_948670508582622_769422974786961743_oЖалпы  бұл өндіріс орны ОҚМУ-не де мол мүмкіндіктер беріп отыр. Оқу орнының жеңіл өнеркәсіп саласында білім алып жатқан студенттері зауытта тәжірибеден кейін жұмысқа орналасуына болады. Осы мақсатта  келісімге келген тараптар әріптестікті қазірден бастап отыр. Жуырда  университет ғалымдары мақта қалдықтарынан жіп жасау әдісін өндіріске енгізгелі отыр. Тың бастама шикізатқа кететін шығынды қысқартпақ. Өндіріс орнын салуға облыс әкімдігі қолдау көрсеткен. Жергілікті билік жер алу мен оған қажетті инфрақұрылымды тартуға көмек беріп отыр. Аталған жоба сәтімен іске асса, Кореялық инвесторлар оңтүстікте тоқыма өнімдерін шығаратын тағы қосымша өндіріс орындарын ашуды жоспарлауда.

    Ерлан Отарбаев

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.