Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктен Қытайға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артады
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктен Қытайға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін арттырады, деп облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарда атап көрсетілгендей, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қытай Халық Республикасы «Шэньси ауыл шаруашылығы экономикалық бірлестігі» компаниясының Президенті Фанг Ши Джинг бастап келген делегациясымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту және өңірімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау мәселесін талқылады.

    805cdeee-510a-4309-9761-5648d599c6ed

    Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетімен таныстыра келе, облыстың дайын өнімді экспорттауға деген мүмкіндігі мол екенін айтты.

    «Біздің облыс еліміздегі мақта талшығы мен мақта майын 100 пайыз, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, ет, құс еті, балық, сүт өнімдерін ірі көлемде өндіретін және сол өнімдерді республика аймағынан сыртқа экспорттаушы аймақ болып табылады. Өңір халқының жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету теңгеріміне сәйкес, жеміс-жидекпен 1,2 есе, көкөніспен 3,4 есеге, бақша өнімдерімен 4,6 есе, жүзіммен 5,9 есе қамтамасыз етіліп, артығы экспортқа шығарылады. Облыс экономикасының түрлі саласына инвестиция тарту өте қолайлы, оған мемлекет тарапынан қажетті жағдайлардың барлығы жасалған», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде қонақтар жыл өткен сайын Қытайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, бір ғана Шэньси облысы былтыр 7 млн. тонна ас майын, 8 млн, тонна сиыр етін, 5 млн. тонна қой етін тұтынған. Қытайлықтар сұранысқа байланысты бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, делегаттар бүгінгі күні елімізде өндірілген азық-түліктің 10-нан астам түрі Қытай нарығына шығып жатқанын айта келе, тағы қосымша ұн, ет, май өнімдерін алуға мүдделі екенін мәлімдеді.

    Қонақтардың ұсыныстарын тыңдап шыққан облыс әкімі сала басшыларына көрші елдің экспорттық сұранысын бағытталған жұмыстарды жүйелендіруді тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.