Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан мен Өзбекстан Шымкент-Ташкент сауда дәлізі үшін көліктік-логистикалық бірлескен кәсіпорын құратын болады
    Жаңалықтар

    Қазақстан мен Өзбекстан Шымкент-Ташкент сауда дәлізі үшін көліктік-логистикалық бірлескен кәсіпорын құратын болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан мен Өзбекстан Шымкент-Ташкент сауда дәлізі үшін көліктік-логистикалық бірлескен кәсіпорынды (БК) құрады, деп хабарлады «Қазақстанның даму банкі» АҚ баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, ҚДБ қаржыландыруымен Шымкентте қолданысқа енгізілген КЛО 2018 жылы 500 000 тоннаға дейін жүк өңдеуді жоспарлап отыр

    «Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) қаржыландыруымен 20107 жылдың соңында пайдалануға енгізілген Шымкент қаласындағы «А» сыныпты Көлік-логистикалық орталығы (бұдан әрі – КЛО) ағымдағы жылдың соңына дейін қойма алаңдарын 80% дейін толтырып, жарты миллион тоннаға дейінгі жүк өңдеуді жоспарлап отыр.

    КЛО қуаты жыл сайын 600 000 тоннадан астам жүкті өңдеуге, күн сайын 1 000 паллет жөнелтуге және 50 астам декларацияны кедендік тазартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    КЛО Оңтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден транзитпен жеткізілетін және кері бағыттағы тауарларды кедендік ресімдеу және сақтау бойынша қызметтер көрсету нүктесіне айналады.Бүгінде көкөніс өнімдері мен қант, құс еті мен консервілер, оның ішінде Қазақстанның Тұрақтандыру қорының запастары бар өнімдер салынған 1 500 астам паллеттер мен жәшіктер КЛО сақтауында тұр.

    Шымкент – Ташкент сауда-экономикалық дәлізін дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбек көлік-логистикалық бірлескен кәсіпорнын (бұдан әрі – БК) құру жоспарланып отыр. Осы БК жұмысының шеңберінде, атап айтқанда, жылына 250 000-400 000 тонна тасымал көлемімен екі мемлекеттің логистикалық орталықтарында қызмет көрсетілетін жүк көлігіне арналған «жасыл дәліз» ұйымдастырылады деп күтілуде.

    Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап КЛО аумағында «бір терезе» қағидаты бойынша жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі қызметтер көрсетіледі, ол бір декларация шығаруға арналған уақытты бір тәуліктен 30 минутқа дейін елеулі түрде қысқартты.

    Шымкент қаласында қолданысқа енгізілген КЛО Knight Frank халықаралық сыныптамасы бойынша «А» сыныпты қоймаларға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. КЛО әкімшілік корпусты, контейнерлік терминалды, кедендік бақылау аймағын және тиісті инфрақұрылымды, сондай-ақ жалпы аумағы 25 000 шаршы м жуық қойма үй-жайларын (құрғақ және климаттық қоймалар) қамтиды.

    КЛО әртүрлі температуралық режиммен жауапты сақтаудың, оның ішінде клиент-компаниялардың тапсырыстарын қабылдап алу, іріктеу және тауарларын жөнелту логистикалық қызметтерінің толық кешенін, сондай-ақ темір жол вагондары мен ірі тонналы контейнерлерді берумен-жинастырумен және жүгін түсірумен, кедендік ресімдеумен, бракты сұрыптаумен, түгендеумен байланысты қосымша қызметтерді және басқа да қызметтерді көрсетеді.

    КЛО құрылысын қаржыландыруды ҚДБ Жаңа Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде 2017 жылғы қаңтарда ашты. Банк тарапынан қарыздың сомасы 11,8 млрд теңгені құрайды, мерзімі – 15 жылға дейін, қарыз алушы «Continental Logistics Shymkent» ЖШС болды. Құны 15,8 млрд теңгелік жоба Оңтүстік Қазақстан облысы шекара маңының тауар ағындарын өңдеу жөніндегі инфрақұрылымға деген өскелең қажеттіліктеріне бағдарланған.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.