Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Айдарбекұлы Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Рүстем Биғари 1976 жылы 20 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Информатика және ЕТ мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы — Бостон университетінің (АҚШ) магистратурасын киберқауіпсіздікке мамандандырылған ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Информатика, бақылау және басқару бағыты бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да еңбек еткен. 2006–2009 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, ақпараттандыру секторының меңгерушісі лауазымдары бойынша жұмыс істеген.

«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысқан.

2009 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...