Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Жыл соңына дейін елордадағы барлық жедел жәрдем көліктері сары түске боялады
    Денсаулық

    Жыл соңына дейін елордадағы барлық жедел жәрдем көліктері сары түске боялады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана қаласы жедел жәрдем станциясында арнайы дыбыстық дабылы бар ақ түстен сары түске боялған 10 жедел жәрдем көлігі таныстырылды.

    Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

    Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Тимур Мұратов тілшілерге жедел жәрдем қызметіне қатысты енгізілген жаңа стандарттармен таныстырып, санитарлы көлікті жарық шағылыстыратын күлгін элементтері бар сары түске бояудың себептерін түсіндірді.

    «Біздің елдің мамандары халықаралық тәжірибені зерттеді. Саратама дамыған елдерде қанық сары түске боялған жедел жәрдем көлігінің көптеген көлік ағымында көзге бірден түседі. Сол себепті де ол оқиға орнына тез арада жетеді. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында жедел жәрдем көліктері сары түске боялып жатыр. Жыл соңына дейін жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіндегі көліктердің барлығы осындай болады», – деді Тимур Мұратов.

    Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері, сондай-ақ санитарлы көліктердің қай уақытта және қандай жағдайда арнайы дыбысты сигналды қосатыны туралы айтып берді.

    «Жедел жәрдем көлігінің арнайы дабылды құрылғысы таңғы 8:00-ден 23: 00-ке дейін қосылатын болады. Оны тек қана науқасты тасымалдаған кезде, науқасқа бара жатқан кезде қосуға болады. Басқа уақытта егер бригада жұмысын бітіріп, базаға қайтып бара жатса, онда барлық сигналдар өшіріліп тұрады. Сағат 23-тен кейін арнайы дабылы емес, оның тек жарық шағысылыстырушы құрылғысы ғана қосылады», – деп мәлімдеді Тимур Мұратов.

    Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері бірыңғай стандарттарға сай сары түске боялуы тиіс.

    Дереккөз: 24.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.