Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы өтті
    Жаңалықтар

    Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2018Updated:05.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, облыс әкімінің орынбасарлары Ұ.Сәдібеков, Т.Сәрсембаев және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.

    Отырысты облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов жүргізіп отырды.

    Кеңестің бүгінгі күн тәртібінде «Шымкент қаласының мәртебесі туралы» негізгі мәселенің бірі қаралды.

    Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы №№2572- ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңында республикалық маңызы бар қалаларға халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдiмекендер жатады деп көрсетілген.

    img-20180605-wa0027

    Айта кетейік, жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары» деп атап өтті. Осыған байланысты, бүгін таңда өткен Шымкент қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сеесиясында қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылданып, қол қойылған болатын. Осы мәселе кеңес отырысында қайта қаралып, кеңес мүшелерінің дауысымен бірауыздан мақұлданды.

    img-20180605-wa0028

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы» және «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасын өзгерту туралы», сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының «Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобалары қаралып, мақұлданды.

    img-20180605-wa0026

    Халық қалаулылары бас қосқан жиында одан басқа да төмендегі  бес мәселе қаралды.

    «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы», Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы» мәселері қаралды.

    Қоғамдық Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер кеңес мүшелерінің дауысымен бірауыздан мақұлданды.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.