Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бір айдан кейін базалық зейнетақының мөлшері өзгереді
    Жаңалықтар

    Бір айдан кейін базалық зейнетақының мөлшері өзгереді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2018Updated:05.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кімдердің зейнетақысы қалай көтерілетінін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ult.kz.

    «1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болады. Бүгінде базалық зейнетақы барлығына бірдей төленіп отыр. Ал оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін құрайды. Ол — шамамен 15 274 теңге. Енді, шілде айынан бастап базалық зейнетақы еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай төленеді», — деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

    Оның айтуынша, бүгінде қайта есептеу шаралары атқарылып, әрбір адамның зейнетақысы автоматты түрде белгіленді. Сондықтан қосымша құжаттарды әкелудің қажеті жоқ.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауда базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайтуды тапсырған болатын. Бүгінде республика бойынша базалық зейнетақыны 2 млн-нан астам адам алып отыр.

    «Мәселен, 1998 жылға дейін адамның 20 жылдық еңбек өтілі бар. Одан кейін ол тағы да 20 жыл жұмыс істеп, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысты. Барлығы — 40 жыл. Ондай зейнеткерлер базалық зейнетақының 100 процентін алады. Ал зейнеткердің еңбек өтілі болмаса, сосын зейнетақы жинақтау жүйесіне мүлдем қатыспаса, я болмаса, еңбек өтілі 10-ақ жыл болса, оған жаңағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін — 15 274 теңгені төлейді. Негізі, 10 жылдан кейін әрбір жылға 2 процент қосылады. Сонда 33 жылдық еңбек өтілі бар адам да базалық зейнетақының 100 процентін ала алады. Әрбір адам өзінің зейнетақы мөлшерін «электронды үкімет» порталынан, я болмаса, «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-кеңселерінен біле алады. Сол жерде толық анықтаманы да алуға мүмкіндік бар», — деп атап көрсетті С.Жақыпова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.