Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қырымбек Көшербаев пен Бердібек Сапарбаев ортақ мәселе көтерді
    Жаңалықтар

    Қырымбек Көшербаев пен Бердібек Сапарбаев ортақ мәселе көтерді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекеттік рәміздерді жасайтын серіктестіктердің жауапкершілігін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпара.

    Өңір әкімдері өз ұсыныстарын Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер мен ведомствоаралық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында білдірді.

    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жас ұрпақтың санасына сіңіру — ең басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, Сыр өңірінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Тарқатып айтқанда, 2016 жылы Қызылордада биіктігі 60 метрлік ту тұғыры бар. Жалпы, 3 гектарды құрайтын Мемлекеттік рәміздер аллеясы пайдалануға берілген. Облыс әкімдігінің жанындағы арнайы комиссияның шешімімен ендігі кезекті барлық аудан орталықтары мен 46 тірек елдімекендерінде дәл осындай аллеялар пайда болады.

    Оның айтуынша, Қызыорда облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында Мемлекеттік рәміздер талапқа сай орнатылған. Десе де, Қырымбек Көшербаев бір мәселеге байланысты өз ойын білдірді.

    «Дегенмен проблема да жоқ емес. Мемлекеттік рәміздерді дайындайтын лицензиясы мен сертификаттары бар жеке серіктестік мекемелер Мемлекеттік рәміздер туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңын сәйкес келмейтін Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға беруде. Бұл жағдайлар Қарағанды қаласында орналасқан «Ақ бастау КЗ» ЖШС және Астана қаласында орналасқан «Зум» жарнама агенттігі» ЖШС-да кездесті. Бұл жөнінде техникалық реттеу және метрология комитетіне тиісті ұсыныс берілді», — деді Қырымбек Көшербаев.

    Қызылорда облысы әкімінен кейін баяндама жасаған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев да әріптесінің ұсынысын қолдайтынын білдірді.

    «Қырымбек Елеуұлы жаңа ғана айтып кетті. Мен сол ұсынысты қолдайын деп едім. Құрметті комиссия мүшелері өздеріңіз жақсы білесіздер, Туды, Елтаңбаны қазіргі таңда дайындайтын мекемелер көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі дайындайды. Тапсырыс беруші бізбіз, дайындайтын олар. Бірақ оларда ешқандай жауапкершілік жоқ. Сондықтан, біздің ұсынысымыз — біріншіден олардың да жауапкершілігін арттыру керек. Екіншіден, олардан дайындап жатқан Мемлекеттік рәміздер мемлекеттік стандарттарға сәйкес болу керектігін сұрау керек. Егер олардың лицензия болатын болса, олар сондағы көрсетілген талаптарды толығымен орындауы тиіс. Сол кезде ешқандай кемшіліктер болмайды деп ойлаймыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.