Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дариға Назарбаева Орталық Азияның бірыңғай визасын қалыптастыруды ұсынды
    Жаңалықтар

    Дариға Назарбаева Орталық Азияның бірыңғай визасын қалыптастыруды ұсынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан-өзбек парламентаралық ынтымақтастығы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетел инвестициялары және туризм жөніндегі комитетінің депутаттары кездесуінің қорытындылары бойынша әзірленген нақты ұсыныстар Үкіметке жіберілетін болды. Бұл туралы Сенат комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева журналистерге берген сұхбатында атап өтті.

    ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары кедендік реттеуді жетілдіру, тауар айналымын арттыру және туризм саласындағы ынтымақтастықты ұлғайту туралы ұсыныстар айтты.

    «Ашық әрі айқын және достық шекарасын қалыптастыру керек, сонда барлық салалардағы қарым-қатынастар тереңдей түседі», — деді Д.Назарбаева. Ол үшін барлық кедендік рәсімдерді бірыңғайлау керек. Ақпараттандыру салалары іске қосылмай, жедел даму мүмкін емес. Қазіргі ақпараттық жүйелер болмайынша шекарада бақылау жүзеге аспайды.

    Сенаторлар екі елдің туристік әлеуетін дамыту мәселесін де қарады. Қазақстан мен Өзбекстанда туризмді дамыту ғана емес, Орталық Азияның барлық көрнекті жерлерін көргісі келетін шетел туристерінің біздің елдерге келуін ынталандыру да маңызды, деп санайды Д.Назарбаева.

    Ол азиялық «Silk viza» шенгенін қалыптастыру туралы ұсыныс айтты. Парламентшілер барлық мәселелерді кезең-кезеңмен шешу үшін бірлескен Жол картасын әзірлеуге уағдаласты. Сенат комитеттерінің деңгейінде өзара іс-қимылдың осындай сипаты жалғасатын болады.

    Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетел инвестициялары және туризм комитетінің төрағасы Әлішер Құрманов Өзбекстан мен Қазақстан арасында шешілмеген мәселелердің жоқ екенін атап өтті.

    «Бұл халықтарымызды жақындатуды көздейтін біздің Президенттеріміздің ниеттерін парламентшілер де, министрліктер мен мекемелердің өкілдері де толығымен қолдайтынын көрсетеді», — деді ол.

    Шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің, ауыл шаруашылығы, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсібі, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері қатысты.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.